ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2020 | 15:14
Министрлік қазанда қатаң карантин болады деген қауесетке жауап берді
Денсаулық сақтау министрлігі 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін Қазақстанда қатаң карантин болады деген қауесетке түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін Қазақстанда қатаң карантин болады деген қауесетке түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен жақында ғана 20-сынан бастап (қыркүйек. - Ескерту) карантин күшейтілетіні туралы ақпаратқа түсінік бергенмін. Ресми түрде мұндай іс-шаралар жоспарланбағанын хабарлаймын. Бұл жалған мәлімет, қазақстандықтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және сенбеуге шақырамын. Осындай шаралар қабылданса, біз хабарлаймыз", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Байтанаев елдегі жағдай керісінше карантиннің жеңілдеуіне бет алғанын айтады.
"Мұның барлығы фейк. Біз жалған ақпарат таратқандарды іздеп, полицияға арыз жазамыз. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ бас санитар дәрігердің барлық талабын сақтау керек", - деді ол.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болуы мүмкін екенін айтқан болатын.
"Біз қазір болжам жасаумен айналысып жатырмыз, қазіргі жағдайды бағалаймыз. Ең дәл болжамдар екі апта бұрын жасалады. Күнде алатын көрсеткіштер әртүрлі. Бұл болжамдар маска тағатын, қашықтық сақтайтын адамдардың жалпы пайызына байланысты. Аурудың болжамы осыған қатты байланысты.
Шамамен қараша-желтоқсан айларында вирус жұқтырғандар көбеюі мүмкін. Бұл болуы мүмкін екінші толқынмен, жіті респираторлық инфекциялар және тұмаудың қосылуымен байланысты", - деді Цой ОКҚ онлайн-брифингінде.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также