14 қыркүйек 2020 13:39

Министрлік Ливанда қазақстандық бітімгерлер COVID-19 жұқтырды деген мәліметке пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің Ливанда коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің Ливанда коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Ливандағы бітімгерлер арасында коронавирустың өршуі туралы ақпарат болған. lbci телеарнасы 90-ға жуық адам ауырып қалғанын, олардың көпшілігі бір бөлімшенің өкілдері екенін хабарлаған.

Реклама
Реклама

"Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Үндістанның бітімгершілік батальоны мен қазақстандық бітімгершілік ротасының жеке құрамы арасында COVID-19-бен ауырғандар жоқ", - деді Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram