03 желтоқсан 2020 11:38

Министрлік Надыровтың қайда жұмыс істейтіні туралы сұраққа жауап берді

Камалжан Надыров. Фото:primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қызметінен босатылған Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыровқа қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қызметінен босатылған Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыровқа қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, Алматы әкімінің 2020 жылдың 19 қазанындағы қаулысына сәйкес, Камалжан Надыров берілген өтініш негізінде Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Реклама
Реклама

"Министрліктегілерде Камалжан Надыровтың жұмыс орны туралы мәлімет жоқ", - делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында.

Айта кетейік, Камалжан Надыров кеткеннен бері бір айдан асауақыт өтті, бірақ әлі күнге дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалмады.

"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта басқарма басшысының бос лауазымына конкурс жүріп жатыр", - деді министрліктегілер.

Вице-министр қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram