ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2020 | 11:40
Министрлік өкілдері Алматыда кімдер карантинге жатқызылғанын айтты
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері 5 наурызда Оңтүстік Кореядан 197 адам ұшып келгенін мәлімдеді, оның 97-сі транзиттік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері 5 наурызда Оңтүстік Кореядан 197 адам ұшып келгенін мәлімдеді, оның 97-сі транзиттік, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекеттің бас санитарлық дәрігердің 4 наурыздағы қаулысына сәйкес, 1а категориясы бойынша коронавирус инфекциясы (COVID-19) көп тараған елдерден (Қытай, Оңтүстік Корея, Иран) келген адамдар жергілікті атқарушы органдар белгілеген орында 14 күнге міндетті түрде карантинге жатады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.
5 наурызда 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен барлығы 197 адам келді. Оның ішінде транзитшілер - 97 жолаушы (Қырғызстан - 23, Өзбекстан - 37, Ресей - 16, Украина - 18, Оңтүстік Корея - 2, Тәжікстан - 1).
"Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус берді, 21 адам полиция қызметкерлерімен бірге Қырғызстанға жөнелді. Медициналық мекемеге барлығы 100 адам жеткізілді және орналастырылды, оның ішінде төрт бала бар. Оларға толық медициналық бақылау жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Оларға 14 күндік карантин кезінде медициналық мекемеден шығуға рұқсат етілмейді. Ал режимді бұзған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
"Денсаулық сақтау министрлігі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауатын қамтамасыз ету мақсатында коронавирус таралуының алдын алу бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Кореядан келген 100 жолаушы карантинге жатқызылғаны мәлім болды. Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келгендер 5 наурыздан бастап карантинге жіберілетіні хабарланды. Ал 8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына елге кіруге тыйым салынады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также