Министрлік ресейлік вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты

© Reuters

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік "Спутник V" вакцинасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік "Спутник V" вакцинасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шорановтың айтуынша, белгілі бір санаттағы адамдарға Ресей вакцинасын салуға тыйым салынады.

"Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасы аденовирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат деп айтқым келеді. Бұл вакциналар созылмалы, респираторлық ауруларға жақсы. Бірақ бұл вакцинаны жүкті әйелдерге, емізетін келіншектерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға салуға болмайды", - деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 1 тамызда қазаннан бастап ресейліктерге жаппай вакцина салынатыны белгілі болды. Ел билігі вакцина алдымен арнайы топтағы адамдарға, яғни, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне салынатынын айтты. Ресейлік "Гам-Ковид-Вак2" векторлы вакцинасы SARS-CoV-2 гені енгізілген аденовирус ДНҚ негізінде жасалған.

Ал 11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама