25 наурыз 2022 | 14:21

Министрлік "Сбермен" келісім туралы: Баламалы технологиялар да қарастырылып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік "Сбер" компаниялар тобы Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған цифрлық платформаны әлі енгізбейтінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік "Сбер" компаниялар тобы Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған цифрлық платформаны әлі енгізбейтінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты министрлік платформа моделіне көшудің бірнеше сценарийін әзірлеуді қарастырып және олардың әрқайсына дайындалып жатыр.

"IT-сарапшылармен және нарық өкілдерімен кездесу өткізіп жатырмыз, СБЕР технологияларына баламаларды қоса алғанда, ең оңтайлы шешім қабылдау үшін талдау жасаймыз. Үкімет пен компания арасындағы меморандумда көзделген 2022 жылғы наурыздың аяғына дейін келісімге қол қою мәселесіне келсек, биыл наурыздың аяғына дейін келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде жоқ", - деді министрлік өкілдері.

Реклама
Реклама

Егжей-тегжейлі талдаудан кейін министрлік шешім қабылдайды, ол кейінірек жарияланады.

2021 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне және Data Driven Government тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная