ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2021 | 12:45
Министрлік СҚО-да аштықтан әлсіреген еліктің видеосына қатысты түсінік берді
Желіде тасжол шетінде жүрген еліктің видеосы таралды. Видео кадрларынан жануардың әрең тұрғанын байқауға болады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде тасжол шетінде жүрген еліктің видеосы таралды. Видео кадрларынан жануардың әрең тұрғанын байқауға болады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Болжам бойынша, видео 2021 жылдың наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы аумағында түсірілген. Сол кезеңде қалың қар жаууына байланысты еліктер автожолдарға шыққан жағдайлар болды. Аң шаруашылығы субъектілеріне жабайы жануарларды азықтандыру бойынша шараларды күшейту тапсырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Қазіргі уақытта Жамбыл ауданы аумағында аңшылар және балықшылар қоғамына бекітілген "Жамбыл" аң шаруашылығы жұмыс істейді.
"Жабайы аңдарды қыста азықпен қамтамасыз ету үшін еліктер мекендейтін жерлерге 500 центнер шөп, 210 центнер астық қалдықтары төгілді.
Әлсіреген жануарлар қалың қарда азық тауып жеуі үшін ауыр техникамен 20 шақырымға жуық жол тазартылды", - деп түсіндірді министрлік қызметкерлері.
Ведомствода қазір өңір аумағында ауа райы тұрақталып, қар еріп жатқанын мәлімдеді. Жабайы жануарлар табиғи азықпен қоректене алады. Қазіргі уақытта жабайы жануарлар өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деді ведомсто өкілі.
Айта кетейік, көктемнің басынан бері облыста он өлі елік табылды. Олардың алтауы жабайы иттер шабуылынан, төртеуі жол апаты салдарынан өлген. Экология министрлігі азық іздеп әлсіреген немесе жараланған жануарлар ағаш өсетін тасжолдарға жақын жүруге мәжбүр екенін түсіндірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также