12 шілде 2020 | 17:54

Министрлік Түркиядағы қазақ диаспорасынан сатып алынған тыныс алдыру аппараттарына қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан аса уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқаны туралы хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан аса уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқаны туралы хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстамбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз", - деді министрліктегілер.

Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD өз веб-сайтында жариялады.

Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған.

Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз деді министрлік өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная