ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2023 | 12:06
Министрлік үкімет пен ArcelorMittal арасындағы келісім туралы мәлімдеме жасады
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы мәміленің соңғы кезеңіне жақында. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы мәміленің соңғы кезеңіне жақында. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осы оқиғаның маңыздылығын ескере отырып, мәмілеге қол қою жөніндегі жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін брифинг ұйымдастырамыз. Бұл кездесу барысында барлық қажетті ақпаратпен бөлісіп, барлық сұрақтарыңызға жауап береміз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 28 қазанда Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өмірін қиған тағы бір қайғылы оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай орнына барып, кеншілердің қазасына көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Үкімет жаңа инвесторға қойылатын талаптарды анықтады. Сондай-ақ, меншік иесі ауысқаннан кейін Қазақстан енді ArcelorMittal атауын қолданбайтыны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также