ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2021 | 12:27
Министрлік Зейнетақы жүйесіне түзетулер енгізді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды 2019 жылы Үкімет жанынан құрылған жұмыс тобы ұзақ мерзімді модельдерді құру негізінде әзірледі. Бұл жұмыстың маңызды бағыты ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру.
Іс жүзіндегі тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделген. Сондықтан ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі, белгілі бір тұстарын жетілдіре отырып, базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне негізделген.
Қазіргі уақытта келесі жайттарды қамтыған райда, ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі қарастырылып жатыр:
- ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызына дейін ұлғайту ұсынылады;
- қатысудың ең аз өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту;
- зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау (қазіргі уақытта ең жоғары шектеу 33 жыл және одан жоғары өтілде 1 ЕТКД құрайды).
Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға, барлық азаматқа бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге, ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіруге, еңбек қатынастарын ресмилендіруді ынталандыруға мүмкіндік береді және халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес келеді.
Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты, 2023 жылдан бастап, жұмыс берушілердің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын (ЖБМЗЖ) енгізу.
Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз жұмыскерлерінің пайдасына жұмыскердің табысынан міндетті 5 пайыз зейнетақы жарнасын аударады.
Мемлекет басшысы ЖБМЗЖ мақсатын шартты-жинақтаушы құрамдауышты қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинағын толықтыруға өзгерту, сондай-ақ кейіннен оларды әлеуметтік мұқтаждыққа пайдалану құқығын бере отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ЖБМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының бір бөлігімен толықтыру (салымшының таңдауы бойынша) арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке нысаналы шоттарды енгізу жөніндегі тәсілдерді мақұлдады.
Сондай-ақ, ҚР Салық кодексінің шеңберінде жұмыс берушілерге жүктемені төмендету үшін енгізілетін ЖБМЗЖ шегерімге жатқызу бөлігінде жеңілдіктер берілген.
Мұндай тәсіл халықаралық зейнетақымен қамсыздандыру стандарттарына сәйкес келетін зейнеткерлік жасқа жеткен кезде (зейнетке шыққаннан кейін табысты алмастыру коэффициенті) салымшылардың зейнетақы жинақтарының барабар деңгейін сақтауға, сондай-ақ жақын келешекте барлық салымшылардың зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану (тұрғын үй сатып алуға, емделуге ақы төлеуге) құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также