29 қазан 2018 | 12:00

Министрліктегі ұстау: Жауапты хатшы кепілмен босатылды

© Тұрар Қазанғапов

Сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілмен босату туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілмен босату туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу жұмысымен айналысқан органның күдікті Уәлиевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді.

Кейінірек Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың үй қамауына алынғаны хабарланған болатын.

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Еренай Дәржібаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная