21 ақпан 2020 17:04

Министрліктен сұрап жүргенімізге бір жыл болды - ІІМ басшысы колониядағы медқызметтер жайлы

Ішкі істер министрлігі қамаудағыларға медициналық қызмет көрсету мәселесін Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына тапсырғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі қамаудағыларға медициналық қызмет көрсету мәселесін Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына тапсырғысы келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне көрсетілетін (ҚАЖК) медициналық қызметтерді Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды сұрап жүргенімізге бір жыл болды. Өйткені бізге медициналық қызметтерге қол жеткізу өте қиын деп жиі сын айтылады, құқық қорғаушылар да бұл туралы жиі ескертеді. Осылай өлім-жітімді төмендетіп, қамаудағылардың сырқаттануын азайтар едік", - деді Тұрғымбаев Сенатта.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі ҚАЖК жүйесіне кіріп, қамаудағыларға қызмет көрсеткісі келмейді.

Қазір қамаудағылар үшін медициналық қызметті Қылмыстық-атқару жүйесі көрсетеді, ол ІІМ-нің қарамағындағы комитет. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram