ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2024 | 16:15
Министрліктің жоғары лауазымды шенеунігі мен қызметкері жемқорлық үшін сотталды
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстары және балық шаруашылығын реттеу басқармасының басшысына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстары және балық шаруашылығын реттеу басқармасының басшысына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шенеуніктерге алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамнан жалпы қамқорлық жасағаны үшін қомақты мөлшерде пара алды деген айып тағылды. Жалпы, іс екі эпизодты қамтыған.
Бірінші эпизодқа сәйкес, 2021-2024 жылдар аралығында алдын ала сөз байласу арқылы комитет төрағасы өзінің қарамағындағылар - басқарма басшысымен бірге ведомстволық бағынысты ұйымның бас директорынан жалпы қамқорлығы үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған.
Екінші эпизодта ЖШС директоры оларға компанияның қызметіне қамқорлық жасағаны үшін 2 миллион теңге аударған.
"Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға қарамастан, өкіну, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал ету және жас балаларының болуы түрінде Комитет төрағасы мен басқарма басшысы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады сотта.
Уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау, балық шаруашылығы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау туралы жеке қаулы шығарылды. Сондай-ақ Қазақстан Президентіне Комитет төрағасын мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс берілген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также