18 маусым 2019 | 12:06

Митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті - ІІМ

видеодан үзінді

Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысының кулуарында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысының кулуарында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"300-ден аса полиция қызметкері дене жарақатын алды, олардың алтауы қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Бұл үш тәулікте болған жағдай - 9,10,11 маусым...", - деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары арнайы құралдар қолданбаған.

"Сіздер көрген бейне және фотолардан полицейлерге қалай шабуылдағанын, қалқандарды теуіп, жұлқылағанын және ұрып жатқанын көруге болады. Негізінен жеңіл дене жарақаттар. Бұл шамамен 300 адам, оның алтауы әлі ауруханаға жатыр, онда жіліншік сынған, ми жарақаттарын алған. Азаматтар полицияға қарсы таяқпен, тастармен, арматурамен шабуылдап, жағдайды ушықтырып, дене жарақатын салды", - деді ІІМ басшысы.

"Президент Бас прокурорға азаматтардың заңсыз ұсталған не дене жарақатын салған деп есептейтін барлық деректер бойынша нұсқау берді... Олар Бас прокуратураға жүгінуге құқылы. Бас прокуратура құқықтық баға береді", - деді Тұрғымбаев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная