ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2019 | 11:04
"Митингке шыққандардың 90 пайызы тарады" - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Шымкент қаласында наразылық білдіргендердің 90 пайызы тарап кетті. Бұл туралы Facebook әлеуметтік парақшасында қалалық әкімнің орынбасары Данат Жұмин жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласында наразылық білдіргендердің 90 пайызы тарап кетті. Бұл туралы Facebook әлеуметтік парақшасында қалалық әкімнің орынбасары Данат Жұмин жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғындарының атынан сөйлеген бір топ ер мен әйел адамдар, бүгін рұқсатсыз шеру мен митинг ұйымдастырды. Олар өздерінің бұл қылықтарымен жол қозғалысына кедергі келтіріп, жолаушыларды үркітіп және қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды ... Шеруге шыққандардың тарапынан агрессивті мінез-құлықтар тіркелді", - деп жазды Данат Жұмин.
Оның айтуынша, қалаға келген азаматтардың бір бөлігі Шымкенттен жер және тұрғын үймен қамтамасыз етіп беруді талап еткен.
"Қауіпсіздік күштері митингке шыққандарға қарсы жаппай күш қолданудан бас тартты. Алайда, құқық қорғау органдары бұл жағдайды мұқият қадағалап отыр және өз тарапынан елеулі заңсыз әрекеттерге жол бермейді", - деді әкім орынбасары.
Оның айтуынша, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов екі рет наразылық білдірушілермен кездесіп, қойылған талаптар мен сұрақтарға жауап берген.
"Қазіргі уақытта митинге шыққандардың шамамен 90 пайызы тарап кетті. Алаңда тек бір топ адам қалған. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан алаңдамауын сұраймын. Біз қаланың және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз үшін ресустарымыз жеткілікті. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзушылар тарапынан қандай да бір заңсыз әрекеттерді тоқтату керек", - деді Жұмин.
Показать комментарии
Читайте также