МКК өкілдері кедендегі заңбұзушылықтар туралы айтты

Фото:gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан кеденінде жүздеген миллиард теңгеге заң бұзушылық болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан кеденінде жүздеген миллиард теңгеге заң бұзушылық болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша МКК қызметкерлері Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамында сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторларға (УЭО) және Қытаймен шекаралас өткізу пункттеріне тексеру жүргізген. 

"9 уәкілетті экономикалық оператор және 1 уәкілетті экономикалық оператор бөлімшесіне қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша жергiлiктi кедендiк тексерулер аяқталды, қосымша өндiрiп алу сомасы (берешек, өсімпұл және өсімпұлды төлей отырып, салық сомасын ұлғайту. - еск.) 107 миллиард теңге болды. Сондай-ақ 58 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтару деректері анықталды. Үш жыл ішінде заң бұзушылықтың жалпы сомасы - 165 миллиард теңге.

Сонымен қатар, комитет 398 миллиард теңгеге жалған электрон шот-фактураларды беру белгілерін анықтады. Келтірілген шығынның алдын ала сомасы 128 миллиард теңге", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная