13 шілде 2021 | 17:32

Міндетті вакцинация: 15 шілдеден бастап тексеріс болмайды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден бастап тексеріс болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден бастап тексеріс болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және ВАК-тың хаттамалық тапсырмасына байланысты мемлекеттік органдар қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерді вакцинациялау мерзімін ұзарту туралы мәселені қарастырып жатқанын айтты.

"Қарастыру мерзімі 19 шілдеге дейін. 19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласы үшін вакцинация мерзімін ұзартудың жаңа алгоритмі белгілі болады. Кеше ВАК міндетті вакцинация мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік органдар мәселені қарайды және қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін ұсыныстар енгізеді. 15 шілдеден бастап тексеріс болмайды", - деді Байтанаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная