ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2024 | 12:54
Мобильді аударымдарды тексеру сомасы ұлғая ма? Қаржы министрлігі жауабы
Қаржы министрі Мәди Такиев қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеруге қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрі Мәди Такиев қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеруге қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мобильді аударымдарды тексеру шегін ұлғайту және 1,5 миллион теңгеден бастап мониторинг жасау немесе Қазақстандағы мобильді аударымдарды толық бақылаудан бас тарту жоспарланып отырған жоқ па?" - деп сұрады Tengrinews.kz тілшісі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қаржы министрлігі басшысынан.
"Бүгінде Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, кәсіпкер ретінде тіркелу үшін жылына 12 ең төменгі жалақыдан, яғни 85 мың теңгеден жоғары табыс алу қажет. Ұялы аударымдар үшін екі критерийді қолданамыз: бұл үш айда 100-ден аса аударма. Қазір үшінші критерийді талқылап жатырмыз - бұл тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі үшін сома 255 мың теңгеден жоғары болуы керек", - деп жауап берді Такиев.
Шенеуніктің айтуынша, осының арқасында кәсіпкерлер "көлеңкеден" шыға бастаған және басқарма бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.
"Бізде мұндай жағдай ешқашан болған емес. Яғни, бүгінде жағдай тұрақтанды, банктермен жұмыс істедік, адамдар мобильді аударымдарға қайта көшіп жатыр. Қаңтарда 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер тіркелді. Ақпанда – 70 мыңға жуық... Біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деп қосты министр.
Тексеру шегін көтеру жоспарланып отыр ма деген сұраққа Такиев: "255 мың теңгеден жоғары - үш айға. Егер бір жыл ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын болса, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге жатады. Бұл заң бойынша."
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также