27 қыркүйек 2022 | 13:42

Мобилизация жарияланғаннан бері Қазақстанға қанша ресейлік келген?

Дина Шарипханова Корреспондент

Ішкі істер министрлігі Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қыркүйектен бері Қазақстан Республикасына 98 мыңға жуық ресейлік келген. Ресейліктердің 64 мыңы елден кеткен. Ал 8000-ға жуық бейрезидент ЖСН алған.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2018-2019 жылдары Қазақстанға үш миллионға жуық Ресей азаматы келгенін айтты.

Реклама
Реклама

"Тоғыз ай ішінде Ресейден Қазақстанға 1 миллион 700 мың Ресей азаматы келді. Сонымен қатар, біздің азаматтар да белсенді түрде кетіп жатқанын айта кету керек. Күн сайын Қазақстанның 40 мың азаматы шетелге шығады.

Кері әсерді де қарау керек. Сондықтан бізде барлығы бақылауда, көші-қон заңнамасы жұмыс істейді, заңнаманы бұзу бойынша қандай да бір аномал құбылыстарды көріп отырған жоқпыз", - деді ІІМ басшысы Астанадағы брифинг барысында.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес елдермен тату болу керегін айтып, ресейліктер келе бастағанына қатысты пікір білдірген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная