16 маусым 2020 10:28

Молдағасымованың мәлімдемесі: іс Бас прокуратураға жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жетті. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне қызметтік тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді.


Орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге қатысты іс Бас прокуратураға жетті. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне қызметтік тергеудің қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Комитет мәліметінше, Орталық клиникалық ауруханада эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. Жасалған қорытындыларға сәйкес, жаппай жұқтыру себептерінің бірі - ОҚК қызметкерлері сақтық шараларын сақтамаған. Нәтижесінде бұл санитарлық ережелердің де талаптарын орындамауға әкелген.

"БАҚ-та Айзат Молдағасымованың мәлімдемесі ішінара расталды. Эпидемиологиялық тергеу материалдары ОҚК лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға жіберілді. Қарау нәтижелері бойынша тиіс шешім қабылданады", - деді комитеттегілер.

Ведомство мәліметінше, Айзат Молдағасымоваға да қатысты қызметтік тергеу жүргшізілді.

"Нәтижеге сәйкес, заңбұзушылық байқалмаған. Қазіргі уақытта онымен еңбек шарты бұзылды, себебі ол жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш білдірді", - делінген хабарламада.

Алматылық дәрігерлер Молдағасымованы сотқа беріп жатыр

Еске салайық, Молдағасымова қызметінен кеткен бұл қызметке Жандарбек Бекшин тағайындалды. 

Еске салайық, Алматының бас санитар дәрігері орталық ауруханада дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына медицина қызметкерлерінің өзі кінәлі екенін мәлімдеген болатын. Молдағасымованың айтуынша, дәрігерлер сақтық шараларын ұстанбаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети