Монако князі Астанада Тұңғыш Президент кітапханасын тамашалады

Монако князі Астанада Тұңғыш Президент кітапханасын тамашалады Нұрсұлтан Назарбаев Альбер II-мен кездесті. ©Тұңғыш Президент кітапханасы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако князі Альбер II-мен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Соныман қатар Монако князі Тұңғыш Президент кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа "Әлемді өзгертетін идеялар" деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама