ПОДЕЛИТЬСЯ
06 шілде 2024 | 10:38
"Мониторлар қайда және неге өте ыстық?" Алматы метросы шағымдарға жауап берді
Қазақстандықтар Алматыдағы метро жұмысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар Алматыдағы метро жұмысына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары "Абай" станциясында көптен бері мониторлар жоқ екенін байқаған. Осыған байланысты пойыз қанша уақытта келетінін болжау қиындады дейді.
Сондай-ақ, тұрғындар метрода қапырық болып тұратынын, әсіресе аптап күндері ыстық бола түсетінін айтады.
"Мониторлар қайда және неге өте ыстық? Өте қиын, әсересе адам көп жиналатын уақыттарда", - деді оқырман.
Метрополитеннің баспасөз қызметі азаматтардың арыз-шағымдарына жауап берді.
"Алматы метрополитенінің станцияларында, оның ішінде "Абайда", бағдарламасын жаңарту үшін пойыздың келу уақытын есептейтін автоматтандырылған жүйе мониторлары алып тасталды. Жаңартылған бағдарлама қойылған мониторларды орнату, жұмыстардың аяқталу уақытына қарай жүргізіледі. 5 шілдеден бастап "Абай", "Алмалы" және "Райымбек"станцияларында монитор орнату жоспарланған.
Метродағы желдету жүйесіне қатысты вагондарда климатты бақылайтын автоматты жүйе орнатылғанын хабарлаймыз. Уақытша өшіру жүйені қайта іске қосқан кезде болады және ең көбі 10 минутты алады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, компания "бүгінде желдету мен салқындату жүйесінде ақаулар жоқ" деп сендірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также