01 қараша 2022 09:00

Монополиялық табыс 4,3 миллиард теңге: тергеу барысы туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Алматы облысындағы компаниялардың біріне қатысты тергеу жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысының баспасөз қызметі Алматы облысындағы компаниялардың біріне қатысты тергеу жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралған.

"Атап айтқанда, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 миллиард теңгеге монополиялық табыс тапқан", - деді Премьер-министрдің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Компанияға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Биыл қазанда жекеменшік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100 пайызын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram