07 тамыз 2022 14:01

Мопед жүргізушісін жаяу қуып жеткен: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

Видео кадры

Желіде полицейдің мопедшіні қуып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде полицейдің мопедшіні қуып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде полиция қызметкері жаяу мопед жүргізушісін қуып бара жатқаны түсірілген видео жарияланған. Қазақстандықтарды полицейдің физикалық дайындығы таңғалдырған.

Реклама
Реклама

"Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, бұл құқықбұзушылық Алматы қаласы Түрксіб ауданы, Бұқтырма көшесінің бойында тіркелген. Мамандандырылған батальонның экипажы жүргізушісі жол ережесін бұзып, тоқтау талабына бағынбай, жасырынбақ болған мопедті байқап қалған. Алайда ол ұсталды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК 615-бабында көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram