04 қазан 2024 | 08:23

Мопедшілер жүргізуші куәлігін алуы керек: Тоқаев заңға қол қойды

Фото: ЖИ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты екі заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты екі заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Президент сондай-ақ "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға да қол қойды.

Реклама
Реклама

Екі заң да көлік құралдарының жекелеген түрлерінің, оның ішінде мопедтердің қозғалысын ұйымдастыру, Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ жаңа әкімшілік құқықбұзушылықтарды енгізу саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Заңдар жол қозғалысы туралы заңнамаға бірқатар түзетулерді қарастырады.

Сонымен қатар мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі. Қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына елу шақырымнан аспайтын барлық мопед тіркелуі керек.

Мопедті айдағысы келетіндер А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная