20 ақпан 2022 14:30

"Мойнымнан темірмен соқты". Алматы полицейі "қайғылы қаңтар" оқиғасы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде мойын жарақатын алған полиция инспекторы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде мойын жарақатын алған полиция инспекторы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар айының басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде көптеген полиция қызметкері мен әскери қызметші ауыр жарақаттар алып, кейбірі қаза тапқаны баршаға белгілі. Дәл сол күндері қоғам қауіпсіздігі үшін қызмет етуге шыққандардың бірі - Ғазиз Нұрғалымов. Ол - Алматы қаласы Әуезов аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Тәртіпсіздіктер кезінде бұзақы топтың тепкісі астында қалған полиция аға лейтенанты бүгінде қалалық ауруханалардың бірінде ем алып жатыр.

Бала кезден полицей болуды армандаған Ғазиз әрдайым азаматтар қауіпсіздігі үшін қызмет етуге дайын.

Реклама
Реклама

"Аман-есен ауруханадан шықсам, жұмысымды жалғастырамын", - дейді ол.

Мемлекеттік төңкерісті болдырмау кезінде жалпы 3 037 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі түрлі жарақат алды. Қазіргі уаықтта 107 қызметкер әртүрлі ауыр жарақаттарымен ем алып жатыр.

Тәртіпсіздік салдарынан Ішкі істер органдарының 8 қызметкері қаза болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram