24 мамыр 2022 | 17:02

Мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? БҒМ өкілі жауап берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл 170 мыңнан аса түлек мектеппен қоштасады. Білім және ғылым министрлігі өкілі алғашқы және соңғы қоңырау қарсаңында "мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 170 мыңнан аса түлек мектеппен қоштасады. Білім және ғылым министрлігі өкілі алғашқы және соңғы қоңырау қарсаңында "мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство қызметкері гүл сыйлау жақсы дәстүр екенін айтты.

"Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заңбұзушылық болып саналмай ма" деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой", - деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Реклама
Реклама

Биыл елімізде 8 мыңнан аса оқушы - "Алтын белгіге" үміткер.

"2022 жылы елімізде 3,5 миллионнан аса оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл "Алтын белгі" төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер", - деді ол.

Сондай-ақ, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керегі айтылды. Бұл кеште кейбір шараға рұқсат етілмейді:

  • аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;
  • мерекелік дастарқандар жаюға;
  • жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;
  • ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Айта кетейік, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау рәсімі 2022 жылғы 25 мамырда өтеді. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 16-17 маусымда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная