ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2016 | 17:28
Мұғалімнен министрге дейін: Қайрат Әбдірахманов туралы не білеміз?
2016 жылдың 28 желтоқсанында Мемлекет басшысының жарлығымен 52 жастағы Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz редакциясы жаңа министр туралы мәлімет жинады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2016 жылдың 28 желтоқсанында Мемлекет басшысының жарлығымен 52 жастағы Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Tengrinews.kz редакциясы жаңа министр туралы мәлімет жинады.
Сыртқы саясат ведомствосының ресми сайтында жаңа министрдің өмірбаяны орналастырылған. Қайрат Әбдірахманов - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (тарих факультетінің) түлегі. Ағылшын тілін меңгерген.
Жаңа министр еңбек жолын тарих мұғалімі болып бастаған. 1987-1993 жылдар аралығында Қазақ политехникалық институтында сабақ берген, сол уақытта ҚазҰУ аспиранты болған.
90-шы жылдар ортасында үшінші және екінші хатшы қызметін атқарған, бөлім меңгерушісі болып, кейін Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасы бастығының орынбасарына дейін көтерілді. Біраз уақыт өте ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының бастығы - төртінші департамент директоры. Кейін министрліктің екі жақты қарым-қатынас департаментін басқарды. 1999-2001 жылдары сыртқы істер вице-министрі болды.
2001 жылы Ұлыбританияның Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі болды. 2003 жылы Қазақстанның Израильдегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінде болды. Үш жылдан кейін Қазақстанға оралып, сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы Қазақстанның Австриядағы елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР-дың тұрақты өкілі болды. Бұл орында ол 201 мен 2013 жылдар аралығы қызмет етті.
Қайрат Әбдірахманов 2008-2011 жылдары ОБСЕ-дегі Қазақстанның тұрақты өкілі болғанын айта кету керек. Соңғы үш жылда Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін атқарған.
"Бұрынғы министр Ыдырысовты да, қазіргі министр Әбдірахмановты да жеке танимын. Үлкен дипломаттар - Қазақстанның элитасы. Олар барлық жағынан бірінші. Шетелде біздің мүддемізді бірінші болып қорғаушылар, шетелдерден жақсылық пен соққыны да бірінші болып қабылдайтын азаматтар", - деп жазыпты "Қазақстанның интернет қауымдастығының" басшысы Шавкат Сабыров өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Қайрат Әбдірахмановты ҚР СІМ басшысы болып тағайындалуымен шетелдік әріптестері де құттықтады. БҰҰ жанындағы Иорданияның тұрақты өкілі Дина Кавар Twitter парақшасында өз тілектерін білдірген және Әбдірахмановтың БҰҰ-дағы еңбегін атап өтіпті.
Үндістандық және америкалық экономист Рави Батра да Әбдірахмановты құттықтап, бірге түскен суреттерін жариялапты.
Қайрат Әбдірахмановты БҰҰ Бас ассамблеясының 71 сессиясының төрағасы Питер Томсон да құттықтады.
Сонымен қатар, БҰҰ жанындағы ЕО елшісі Жоао Вале де Алмейда да құттықтап, баскетбол матчында бірге түскен суретін жариялай отырып, сағынатындығын жазған екен.
Еске салайық, Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Ыдырысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты орнынан босатылған.
Показать комментарии
Читайте также