Мүгедектігі бар балалар: Перизат Қайрат ісінде жаңа эпизод тіркелген

видео кадры

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елемесовтің айтуынша, Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – "Алаяқтық" және 218-бабы – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бойынша тергеліп жатыр.

"Бірнеше эпизод тергеліп жатыр: Палестина тұрғындарына қайырымдылық ретінде жинаған қаражатқа, сондай-ақ су тасқынының салдарларына байланысты.

Қаңтардың аяғында жаңа эпизодты тіркедік. Ол мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын құру үшін аукцион және ақша жинау ұйымдастырған. Осылайша, ол шамамен 22 миллион теңге жинап, бұл қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған", – деді Жеңіс Елемесов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Перизат Қайрат осы қаражатқа бірнеше пәтер, жеке үй және автокөлік сатып алған.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі тергеу наурыздың басында аяқталатынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, 2024 жылдың қарашасында Перизат Қайраттың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама