03 наурыз 2020 | 13:00

Мұхтар Жәкішев бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

Семейдегі №2 аудандық сот Мұхтар Жәкішевтің қашан бостандыққа шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Семейдегі №2 аудандық сот Мұхтар Жәкішевтің қашан бостандыққа шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соттың 2020 жылдың 3 наурызындағы үкімі бойынша сотталушы Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі 15 күнде заңды күшіне енеді. Үкім заңды күшіне енгенде Жәкішев бостандыққа шығады", - деді аудандық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

"Бүгін сот үкімі шықты, 19 наурызда үкім заңды күшіне енеді. 19 наурызда ол босатылуы тиіс", - деді соттағылар.

Сот мәліметінше, үкімге шағымдануға болады.

Еске салайық, бүгін ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының сотталушы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарғаны хабарланған еді.

Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная