11 қыркүйек 2019 | 08:58

Мұхтар Жәкішев тағы да бостандыққа шыға алмады

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қанағаттандырылмады. 10 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сотында апелляциялық алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қанағаттандырылмады. 10 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сотында апелляциялық алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Отырыс басында адвокат сот құрамына қарсылық білдірген. Ол Жәкішевсіз істі қарау мүмкін емес деп санады. Жәкішев видеоқоңырау арқылы сотқа қатысуы керек болған. Алайда, байланысты ретке келтіру мүмкін болмаған.

Реклама
Реклама

56 жастағы Мұхтар Жәкішев 10 жылдан астам уақыт бойы қамауда отыр. Сот оны 2009 жылы сыбайлас жемқорлық пен ысырап еткені үшін оны 14 жылға бас бостандығынан айырған. 24 шілдеде Семей соты оған шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмаған еді. Жәкішевтің қорғауы апелляция берді, алайда өтінішті қанағаттандырмау туралы шешім күшінде қалды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная