23 тамыз 2019 | 14:05

Мұхтар Жәкішевтің апелляциясы неге кейінге қалғаны анықталды

Мұхтар Жәкішев. © А. Жанатова

"Қазатомпром" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы апелляциялық істі қарау 10 қыркүйекке шегерілді. Шығыс Қазақстан облысы сотының өкілдері себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазатомпром" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы апелляциялық істі қарау 10 қыркүйекке шегерілді. Шығыс Қазақстан облысы сотының өкілдері себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Апелляция 27 тамызда Өскемен қаласындағы облыстық сотта қаралуы керек болған. 

Реклама
Реклама

"Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен босату арызы бойынша кейінге шегерілуі мына жағдайға байланысты болды. Өндірістегі істі қарайтын судья судьяның бос лауазымына тағайындалуы үшін тестілеуден өтуі керек. Тестілеуді 27-28 тамызда Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот кеңесі өткізеді", - деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының судья-координаторы Назгүл Рахметуллина. 

Еске салайық, 24 шілдеде Сот Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырмаған еді.

Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев өзі қорғап отырған адамның денсаулығы сыр беруіне назар аудартуға тырысқан. 

"Ұсталғанға дейін Мұхтар Жәкішев екінші дәрежелі артериялық гипертензиядан зардап шекті. Уақытша ұстау изоляторында оның денсаулығына айтарлықтай зиян келген, ал бас бостандығынан айыру орындарында ол оны мүлдем жоғалтты. Қазір оның артериялық гипертензияның соңғы сатысында жүр. Барлық ашық көздерде бұл жағдай инсульт пен инфарктқа әкеп соғуы мүмкін екені айтылады. Қазір оның үшінші топтағы мүгедектігі салдарынан жұмыс қабілеті 50 пайызға төмендеген", - деді Нұрлан Бейсекеев.

Оның айтуынша, Жәкішев тексеру кезінде 24 гипертониялық кризді бастан кешірді. Сондай-ақ, Жәкішевтің аптасына үш рет 200-ге дейін қысымы көтеріледі, кейде жоғары болады екен. Оның айтуынша, осы күнге дейін  Жәкішев күн сайын 56 препараттан қабылдаған. Емдеу түзетілгеннен кейін олардың саны азайған.

Нұрлан Бейсекеевтің сөзін ҚАЖК дәрігерлері растады.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылдың мамыр айында Астанада (қазір Нұр-Сұлтан) ұсталған. Ол сыбайлас жемқорлық бойынша 14 жылға сотталған еді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру үшін Мұхтар Жәкішев кеткен түрме мерзімінің үштен екісі 2018 жылдың қыркүйек айының соңында аяқталды.

Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен. 

2018 жылдың қараша айында Жәкішев Семей қаласының № 2 сотына мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жасады. Сотталушының оң мінездемесіне қарамастан, сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартты, өйткені ол келтірілген залалдың жалпы сомасы 99,6 миллиард теңгені төлемеген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная