21 желтоқсан 2016 11:17

Мұхтар Тінікеевтің жүрегі нашарлап ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Мұхтар Тінікеевтің жүрегі нашарлап ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Депутат Мұхтар Тінікеевтің жүрегі нашарлап ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір мен оған қоңырау шалдым, ол ауруханада. Бүгін оның жоспарлы тексеруден өтуі белгіленген. Оның жүрегі нашарлап жүр", - дейді Глеб Щегельский, депутаттың ауруханаға жатқызылғанын атап өтіп.

Еске салайық, 20 желтоқсанда WhatsApp-та Парламенттің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеевке ұқсайтын адам көрсетілген бірнеше видео тараған болатын. Кадрлардан оқиғаның дастархан басында болғанын көруге болады. Екі ер адам тұрып алып, жанжалдасып жатады. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеевке даусы да, өзі де ұқсайтын адам тағы екі ер адамның көзінше біреуден жауап алады. Депутатқа ұқсайтын ер адам әңгімелесушісіне былапыт сөз айтып, соққы жасайды.

ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеев пайда болған видеоға қатысты nv.kz тілшісіне пікір білдірген. Tengrinews.kz тілшісімен әлеуметтік желіде байланысқан ол видеоның екі жыл бұрынғы екенін ғана атап өтті.

Кейін мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен түсірілген видеоның шамамен қашан түсірілгені белгілі болды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети