ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сәуір 2024 | 17:15
"Мұқатып, кек алады". Нүкенованың құрбысы Аидаға жазған хаттары оқылды
Бүгін Бишімбаев ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкенованың жақын құрбысы, куәгер Аида Ахмединадан қайта жауап алынды. Жауап алу кезінде куәгер Нүкенова екеуінің арасындағы хаттарды оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Бишімбаев ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкенованың жақын құрбысы, куәгер Аида Ахмединадан қайта жауап алынды. Жауап алу кезінде куәгер Нүкенова екеуінің арасындағы хаттарды оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нүкенова құрбысына жазған хаттарында Бишімбаевпен қарым-қатынасы туралы айтқан.
"Мен енді білмеймін. Егер қазір кетсем, мен ол үшін бәрін жасадым, ал ол мені таптап, кетіп қалды т.б. деп ойлайды. Кейде жақсы адамдай кейіп танытады. Білмеймін. Мен өзім шатасып кеттім, бірақ онымен бірге тұра алмаймын. Мен жалғыз болғым келеді. Мұның емі жоқ. Бұл адамдар ешқашан емделмейді. Олар психологқа барып, қаншалықты керемет екенін айтады, бірақ бәрі ақымақ. Өзгенің мақылдауы мен көңіл бөлгенін қалайды. Ал, менің екінші рет кеткенім - бітті бәрі. Соңы. Қайтуға болмайды. Ол енді мен кешіргенше бәріне дайын болады. Сосын мұқатып, кек алады. Бірақ психотерапиядан өтті. Алматыға барып, екі айда өзінің психологына 10 мың доллар берді. Ешқандай мәні жоқ. Олар өзгермейді. (...) Ол маған ұйқы бермейді, түнде ұйықтатпайды. Түнде мүлдем ұйықтамаймын. Өзі мүлдем ұйықтамайды. Ол үнемі сандырақ ойлар ойлайды. Түнде бірдеңе сұрайды, мен оны тыңдамасам ашуланып, айқайлайды. Екі күннен бері ұйықтамадым, ұйықтағым келеді. Мен оны аяймын. Ол шынымен ауырады. Мен оған көмектесуге тырыстым, бірақ өзімді құртамын", - деп жазды Салтанат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также