Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтың туған ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы жұбайы мүлікке қатысты келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға қалай басталды?
2024 жылдың 12 шілдесінде әлеуметтік желілерде Марат Әйтеновтың бұрынғы жұбайы Дана Әтешованың видеосы тарады. Онда ол өзін бұрынғы күйеуі мен оның өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері үйден күштеп шығармақ болғанын айтқан. Әтешованың сөзінше, ол кезде күш қолдану дерегі де болған.
Осы оқиғадан кейін Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сол жылдың 2 тамызында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны ҚР ҚК-нің 109-бабы бойынша 12 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сотта Дана Әтешова бұрынғы күйеуі некеде болған тоғыз жылда жүйелі түрде күш көрсеткенін мәлімдеді.
Мүлікке қатысты келісім
7 қарашада Дана Әтешова мүлікті бөлу бойынша медиативтік келісімге келгендерін хабарлады.
"Біз мүлікке қатысты медиативтік келісімге қол қойдық. Сот бекітті, екі жақ та келісімге риза", – деп жазды ол.
Алайда Әтешованың айтуынша, алиментке қатысты мәмілеге келу мүмкін болмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!