ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2022 | 17:22
"Мүлкіміз олигархтарға беріледі". Желіде Конституциядағы түзетулер туралы фейк тарады
WhatsApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада республикалық референдумға мүлдем қатысуға болмайтыны туралы айтылған, - деп хабарлайды StopFake.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
WhatsApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада республикалық референдумға мүлдем қатысуға болмайтыны туралы айтылған, - деп хабарлайды StopFake.kz.
Хабарлама авторының сөзінше, референдум қорытындысы бойынша Конституцияға түзетулер қабылданса, халықтың меншігі шенеуніктер мен олигархтарға өтеді, сондай-ақ, Қазақстанда өмір сүру қиындай түседі.
"Бұл ақпарат бұрын Желіде таралған және теріске шығарылған фейктердің бірі екенін еске саламыз. Әділет министрлігі референдумда жеке тұлғаға қатысты бірде-бір түзету болмайтыны туралы осы жылдың 18 мамырында мәлімдеді", - делінген басылым хабарламасында.
Конституцияның 6-бабының 3-тармағына ұсынылып отырған түзету жеке меншіктегі жерге, малға және жеке өзі өсірілген екпелерге қатысты қолданылмайды.
Түзетуге сәйкес жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екенін белгілеу ұсынылады, қазіргі уақытта Конституцияда олардың мемлекеттік меншікте екені белгіленген.
"Бұл ретте мемлекет халық атынан меншік құқығын жүзеге асыратынын нақтылау ұсынылып отыр. Демек, мемлекет меншік құқығын тек халыққа тиесілі және жеке меншік объектілері болып табылмайтын жерге, оның жер қойнауына, суларына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және басқа да табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асыратын болады. Жерге жеке меншік құқығына кепілдік беретін Конституция нормасы өзгеріссіз қалатынын атап өткен жөн (Конституцияның 6-бабы 3-тармағының екінші бөлігі), – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также