“Мүмкін емес“: ІІМ Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты басты сұраққа жауап берді

“Мүмкін емес“: ІІМ Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты басты сұраққа жауап берді Әлеуметтік желілерден алынған фото

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршілерлік жол апаты бойынша тараптардың татуласуы іс нәтижесіне қалай әсер ететініне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жәбірленушілердің ұстанымы айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына жол бермейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршілерлік жол апаты бойынша тараптардың татуласуы іс нәтижесіне қалай әсер ететініне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жәбірленушілердің ұстанымы айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына жол бермейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте өткен брифинг барысында журналистер Әділовтен татуласу мен жәбірленушілердің жазаны жеңілдету туралы өтініштері сотталушыны жауапкершіліктен босатуға негіз бола алмайды ма деп нақтылап сұрады.

"Мүмкін емес", - деп қысқа қайырды ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Жарнама
Жарнама

Оның сөзінше, ішкі істер органдарының міндеті тергеуді сапалы әрі қысқа мерзімде жүргізу болды, Әділов ведомство бұл істі ойдағыдай атқарғанын атап өтті.

Бұл ретте ол қарсы арыздың болуы, сондай-ақ келтірілген материалдық және моральдық шығынның өтелуі жазаны жеңілдететін мән-жай екенін айтты.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты

Жол апаты 21 наурызға қараған түні Алматыдағы әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болды. Полиция мәліметінше, Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысқан. Соққы салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты, ал Zeekr жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Кейін сотта істің мән-жайы жарияланды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша ("Алкогольдік мас күйде жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу") айыпталып отыр. Бұл бап бойынша 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған.

Алдын ала тыңдау кезінде сот айыпталушыны қамауда қалдырды. Сондай-ақ Zeekr жүргізушісі алқабилер сотынан бас тартты, сондықтан істі судья жеке өзі қарап жатыр.

1 маусымда өткен сот отырысында қаза тапқандардың туыстары айыпталушыға кешірім беріп, оған шартты жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер материалдық шығынның толық өтелгенін де хабарлады.

Осыдан кейін біз адвокатпен Zeekr жүргізушісін алда не күтетінін талқыладық. Заңгердің айтуынша, жәбірленушілермен татуласқанына қарамастан, заң бұл бап бойынша сотталушыны жауапкершіліктен босатуға немесе оған шартты мерзім тағайындауға жол бермейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама