Мұнайдың жылдық орташа бағасы барреліне 35 долларға дейін ұлғайтылды - ҚР ҰЭМ

Мұнайдың жылдық орташа бағасы барреліне 35 долларға дейін ұлғайтылды - ҚР ҰЭМ © newsader.com

?лтты? экономика министрлігі 2016 жылы м?найды? болжамды ба?асын барреліне 30-дан 35 доллар?а дейін ?л?айтты, - деп м?лімдеді ?Р ?лтты? экономика министрі ?уанды? Бишімбаев ?Р Парламенті М?жілісіндегі жалпы отырыста. Б?л туралы премьер-министрді? сайты хабарлады.
 
Айта кетейік, ?Р Парламенті М?жілісінде "2016-2018 жыдар?а арнал?ан республикалы? бюджет туралы" ?Р за?ына ?згертулер мен толы?тырулар енгізу туралы за? жобасы тал?ылануда.

Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылы мұнайдың болжамды бағасын барреліне 30-дан 35 долларға дейін ұлғайтты, - деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жалпы отырыста. Бұл туралы премьер-министрдің сайты хабарлады.
 
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінде "2016-2018 жыдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқылануда.

Қуандық Бишімбаев әлемдік экономикадағы жағдайды,  тауар нарықтарындағы жағдаятты және жыл басынан бергі қазақстандық экономика салаларын дамытудың нәтижесін ескере отырып  2016 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштердің  болжамы нақтыланды.

"Оған қоса, мұнай бағасының  орташа жылдық көрсеткіші  барреліне 30-дан 35 долларға көтерілді. 2015 жылдың деңгейіне металл бағасының өзгеру индексі 15%-дан 12,7%-ға дейін төмендеді. Доллардың орташа жылдық бағамы бір долларға 360 теңге деңгейінде сақталды, мұнай өндіру мұнай бағасының орташа есептік көрсеткішінің артуы мен Қашағанның  қазанда іске қосылуына байланысты  74 млн-нан 75,5 млн тоннаға ұлғайтылды", - деп түсіндірді Қуандық Бишімбаев.

Реклама
Реклама

Министрдің баяндамасына сәйкес,  ЖІӨ  номиналды көрсеткіші 44 трлн  354 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр,  ол ақпанда мақұлданған көрсеткіштен  187, 5 млрд теңгеге жоғары. ЖІӨ адам басына шаққанда  6,9 мың долларды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсім көлемі  2016 жылы 3,6%-ды құрайтындығы болжанды. 2016 жылы өнеркәсіп 1,7%-ға төмендейді.

Сауда саласында 3,5 пайызға төмендеу байқалса, көлік және қоймалау 4 пайызға өседі.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама