Мұнай бағасы антирекордтарды жаңартып жатыр

Фото:depositphotos.com

Әлемдік мұнай бағасы төрт жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіштерді жаңартып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдік мұнай бағасы төрт жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіштерді жаңартып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет бір баррель үшін 61 доллардан төмен түсті.

Астана уақытымен таңғы 07:30-дағы мәлімет бойынша, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 5,03 пайызға арзандап, бір баррель үшін 60,98 доллар болды.

Реклама
Реклама

Ал WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 5,02 пайызға төмендеп, 57,65 доллар болды.

Еске салайық, "қара алтынның" арзандауы 3 сәуірден басталды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден әкелінетін тауарларға жоғары тариф енгізуінен кейін басталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама