Мұнай бағасы құлдырады: Brent 70 доллардан төмен түсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 70 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 70 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен сағат 08:20-да 2,08 пайызға төмендеп, барреліне 68,89 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны 2,67 пайызға төмендеп, барреліне 66,62 доллар болды.

Реклама
Реклама

Мұнай бағасына әсер еткен негізгі себептер

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Украина бойынша ұстанымына көңілі толмайтынын айтқан болатын.

Ақ үй басшысы егер 50 күн ішінде келісімге қол жеткізілмесе, "өте қатаң баж салығы" енгізілетінін ескертті. Ол әңгіме кем дегенде 100 пайыз көлеміндегі қайталама баж салығы жайлы екенін айтты.

Сонымен қатар, Трамп Украинаға миллиардтаған долларға әскери техника берілетінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама