08 қыркүйек 2022 14:01

Мұнай базасы басшысы Аманқарағайдағы өртпен қалай күрескендерін айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Tengrinews.kz

Аманқарағай мұнай базасының басшысы Қостанай облысындағы өрт туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аманқарағай мұнай базасының басшысы Қостанай облысындағы өрт туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аманқарағай мұнай базасы ауыл шетінде жүзге жуық үй өртенген күні өрттен құтқарылды. Өрт сөндіру кезінде цистерналарда 700 тонна дизель отыны мен бензин болған. Өртті мұнай базасының, ҚТЖ қызметкерлері және өртсөндірушілер сөндірді.

Реклама
Реклама

"Жел қатты болды, шоқтар ұшып, мұнай базасы аумағына түсті. Өрт сөндіру пойызы келіп, гидранттарды орнатып, көбікпен сөндіре бастады, шамамен төрт вагон және біздің техника жұмыс істеп тұрды. Өрт бензин құйылған контейнерге дейін жақындады, онда шамамен 200 тонна болды. Кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін еді, бірақ өрт сөндірілді. Олар күндіз, шамамен сағат 15.30-да өртті сөндіруге кірісіп, таңға дейін өртпен күресті", - дейді Аманқарағай мұнай базасының басшысы Дәуітжан Қожахметов.

Адамдар өз өмірін тәуекелге тігіп, өртті сөндірген, бірақ ол жерде болу өте қауіпті болған. Мұнай базасының меңгерушісі стратегиялық нысанды құтқара отырып, өрт апатымен күрескендерді атап өту үшін тіпті басшылыққа жүгінуге дайын. Өрттен мұнай базасының әкімшілік ғимараты ғана зардап шекті.

©Tengrinews.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram