06 желтоқсан 2019 | 17:28

Мұнайлы өлкеде әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы меморандумға қол қойылды

Қазақстанның Тәуелсіз күні мерекесіне орай, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру аясында Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Білім басқармасының жетекшісі және "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы, майор Урбайза Абитоваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тәуелсіз күні мерекесіне орай, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру аясында Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Білім басқармасының жетекшісі және "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы, майор Урбайза Абитоваға сілтеме жасап.

Меморандумның мақсаты өзара ынтымақтастықты орнату, жастарға жан-жақты әскери-патриоттық тәрбие беру, жастардың бастамаларын қолдау, бірлескен жобаларды әрі қарай іске асыру, сондай-ақ тараптардың бірлескен әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуы болып табылады. Қол қойылған меморандум шеңберінде бірлескен халықаралық форумдарды, акцияларды, жиындарды, семинарларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша тапсырмалар іске асырылатын болады. Одан басқа, тараптар өңірдің жалпы білім беру мекемелерінде әскери-патриоттық клубтарды, кадет сыныптарын құру мәселелерін пысықтайды.

Реклама
Реклама

Іс-шараның құрметті қонақтары Ауған соғысында өз борышын өтеген ардагерлер және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, мектеп басшылары, алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, әскери-патриоттық клубтарының тәрбиенушілері болды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әскери-патриоттық "Жас сарбаз" жасөспірімдер қозғалысы 2018 жылы қараша айында құрылып, тәрбиенушілер үшін киім үлгісі таныстырылған  болатын.

ҚР Қарулы Күштері қызметінің негізгі бағыттарының бірі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады. Әскери-патриоттық клубтардың қабырғаларында оқытудан және шыңдаудан өткен, ал кейіннен әскерге шақырылған немесе әскери-оқу орындарына түскен жастар әскери өмірдің қырларын игеруде жоғары дағдыларға ие болып, әскери қызметтің жағдайына жеңіл бейімделеді.

Салтанатты шара соңында "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушісі Жаңабай Нұртас барлық жасөспірімдердің атынан "Жас сарбаздың" антын қабылдады. Одан кейін барлық "Жас сарбаз" антын қабылдаған тәрбиенушілерге жеке куәлік пен әскери-патриоттық қозғалысы қатысушысының  сертификаты табыс етілді.

Еске сала кетейік, Атырау облысы бойынша 15 "Жас сарбаз" сыныбы мен  20  "Смарт сарбаз" кабинеті  өз қызметін жүзеге асыруда.

Шара облыстық Н.Жантөрин атындағы филармония әртістерінің концертімен жалғасты.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная