27 мамыр 2021 | 16:26

"Мұндай "сыйлықтар" мүлдем ұнамайды" - Үкібай Назарбаевтың ескерткішке қатысты реакциясы жайлы

Фото: elbasy.kz

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жұмыс кестесі мен Тұңғыш Президенттің ескерткіш салуға қатысты ұсыныстарға не деп жауап бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жұмыс кестесі мен Тұңғыш Президенттің ескерткіш салуға қатысты ұсыныстарға не деп жауап бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдос Үкібай Tengrinews.kz тілшінің сұрағына Елбасының жұмыс кестесі пандемияға қарамастан әлі де тығыз екенін айтты.

"Отырыстар мен кеңестерге қатысудан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев кездесулер, келіссөздер өткізеді, өз атына келіп түскен хат-хабарлар мен қызметтік құжаттарды мұқият зерделейді. Коронавирус инфекциясының пандемиясы жұмыс форматына белгілі бір түзетулер енгізді, бірақ жауапкершілік азайған жоқ. Пандемиядан туындаған қазіргі салыстырмалы түрде күрделі жағдайларда Елбасы өз құзыреттері шеңберінде әлеуметтік-экономикалық дамудың және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық мәселелеріне көбірек көңіл бөледі".

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік көшбасшылар, шетелдік саясаткерлер және инвесторлармен үнемі байланыста. Олардың арасында ТМД елдерінің басшылары, ТМЫК және ШЫҰ, Еуропалық Одақ, ОПЕК мүшелері, ЕҚДБ, JP Morgan Chase International өкілдері және т.б. бар. Телефонмен сөйлесу және жеке кездесулер барысында сұхбаттасушылар Әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға қатысты пікір алмасады. Елбасынан күн тәртібіндегі жекелеген мәселелер бойынша кеңес сұрайды, қандай да бір проблеманы шешу жөніндегі оның пайымына қызығушылық танытады. Мысалы, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті қоңырау шалды. Елбасы мен Альберт Гор әлемдік державалар арасындағы сенім дағдарысы мен санкциялық текетіреске байланысты ахуалды талқылады".

"Сондай-ақ, Тұңғыш Президент инновациялар мен озық технологиялар нарығын белсенді зерттеп жатыр. Ол цифрландыру және жасанды интеллекті қолдану саласындағы жаңа шешімдерге қызығушылық танытады. Ол біздің елімізде бейімделуі мүмкін түрлі жағдайларды зерттейді".

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Елбасының алма бағындағы жақында түсірілген суреті туралы "бұл арнайы фотосессия ма, жоқ па?" деген сұраққа жауап берді.

"Дәлірек айтсақ, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіби фотосессияға соңғы рет 2013 жылы қатысқан. Одан кейін ешқандай фотосессия ұйымдастырылмаған. Әрине, біздің баспасөз қызметінен де, басқа фотографтардан да ұсыныстар болған, бірақ әзірше бұл сұрақ күн тәртібінде жоқ".

Тұңғыш Президентке отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен әртүрлі тақырыптағы сұхбаттарды жазып алу туралы көптеген хат келіп түсті, сондықтан қазір біз осы жобаларды ұйымдастырумен айналысып жатырмыз... Журналистердің өтініштері өте көп, өкінішке қарай, барлық жобаға қатысу мүмкін емес. Сонымен қатар, Елбасы бірнеше сұхбатты жазып үлгерді. Әлемдік және отандық жетекші БАҚ үшін сұхбат ұйымдастыру мәселесі де пысықталып жатыр".

Бұған дейін халықаралық конференцияда ТҮРКСОЙ басшысының орынбасары Біләл Чакыджи Түркістанда Елбасына ескерткіш орнатуды ұсынған болатын. Кейін желіде қоладан жасалған дайын мүсіннің фотосуреті тараған. Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің мұндай ұсынысты қалай қабылдағанын айтты.

"Елбасы бұл идеяны, сондай-ақ, осы уақытқа дейін болған көптеген басқа ұсынысты қолдамады. Оған ескерткіштер орнату, сәулет нысандарының атауын өзгерту секілді мұндай "сыйлықтар" мүлдем ұнамайды, әсіресе егер бұл "сыйлықтарды" жергілікті шенеуніктер ұйымдастырса.

Нұрсұлтан Әбішұлы бұлай назар аударуға мұқтаж емес екенін бірнеше рет айтқан болатын. Кейде кейбір адам осылай әдейі ақпараттық шу шығаратындай көрінеді. Тарихта жаңа жобаларға өз есімін беруге келіскен жалғыз жағдай - бұл университет және зияткерлік мектептер.

Тағы қайталап айтамын, Астана күні, Тұңғыш Президент күні және басқа да күндер - бұл ең алдымен адамдар, еліміздің азаматтары үшін мерекелер.

Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл. Біз үшін ең басты сыйлық ескерткіштер немесе есімдер емес, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға, халқымыздың әл-ауқаты мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шараларды сапалы жүзеге асыру болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, оның еңбегінің ең үздік ескерткіші - жарқын болашаққа ұмтылған прогрессивті ойлайтын жастар; бұл қазіргі заманғы астанасы бар гүлденген Қазақстан; бұл өз Отанын шын жүректен сүйетін азаматтар".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная