“Мұндайды бірінші рет көруім“. Астанада ауа райы күрт бұзылды

“Мұндайды бірінші рет көруім“. Астанада ауа райы күрт бұзылды Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Астанада найзағай ойнап, бұршақ аралас нөсер жауын жауды. Қолайсыз ауа райы қатты желмен ұласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 14:00-ден кейін елорданың оң және сол жағалауын бірдей жауын басты. Таңертеңнен бері сіркіреп тұрған жаңбыр нағыз алапатқа ұласты.

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Жарнама
Жарнама

Аудан ерекшелігіне қарай жауын-шашын мөлшері әртүрлі болды. Мәселен, оң жағалау тұрғындары бұршақ жауғанын хабарлады.

Фото: © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

Елорда тұрғындары мен қонақтары әлеуметтік желілерде табиғат құбылысының видеолары мен суреттерін жариялап, алған әсерлерін бөлісіп жатыр.

"Бұл не болды өзі? Мынау не қылған алапат? Өмірімде бірінші рет көруім", - деп жазды жергілікті тұрғындардың бірі.

Сонымен қатар кейбір тұрғын үй кешендерінің тұрғындары жарықтың өшіп қалғанын айтты. Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін "Астана-ӨЭК" мекемесіне хабарласты.

Жолдарда алып көлшіктер пайда болған. Ал кейбір үйлердің кіреберістерін су басқан.

Кеше синоптиктер Астанадағы ауа райының қолайсыздығы туралы ескерткен болатын. Қазгидромет мәліметінше, 23 шілдеде елордада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 23-25 градус деңгейінде болады деп болжанған.

Ертең елордада күн бұлтты болады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама