"Мұны жазып алу керек". Шенеунік Мәжілісте жаңа сөз ойлап тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Мәжілісте Қазақстанның елді мекендерінің өңірлік стандарттар жүйесіне арналған Үкімет сағатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек жаңа сөз "ойлап тапты", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте Қазақстанның елді мекендерінің өңірлік стандарттар жүйесіне арналған Үкімет сағатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек жаңа сөз "ойлап тапты", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бірыңғай дерекқорға біріктіру туралы сұраққа жауап берген вице-министр Оразбек депутаттарға жобаға еріктілер ретінде қатысуды ұсынды. Бірақ вице-министр орыс тілінде жоқ сөзді қолданған - "проволонтерить". Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау бірден бұл жаңа сөзді жазып алуды ұсынды.

"Бір кейсті алып көрейік. Мысалы, депутаттардың бірі осы жобаны ерікті ретінде ("проволонтерить" - вице-министр айтқан сөз - авт, еск.) қолға алса ...", - деді вице-министр.

"Асхат Елубайұлы, мұндайды (сөз. – еск.) қайдан алдыңыз? "Депутатам проволонтерить". Мұны жазып алу керек!" - деп сөзін бөлді Альберт Рау.

"Жаңа сөз! Бұл жүйені пайдалану керек дегенім ғой. Сіз оны шынымен пайдалана аласыз", - деп жауап берді шенеунік күлімсіреп.

Реклама
Реклама

\\

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная