21 қаңтар 2022 | 15:28

Мұны тоқтату керек - Тоқаев рулық және достық қатынаста жасалатын келісімдер туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу саласындағы туыстық және достық байланыстарды тоқтатуға шақырды және заңбұзушыларды қатаң жазалауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу саласындағы туыстық және достық байланыстарды тоқтатуға шақырды және заңбұзушыларды қатаң жазалауға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік сатып алулар. Иә, шынымен де, жергілікті жерлерде өте маңызды заңбұзушылықтар болуы мүмкін және бізге стандарттар қажет. Ең бастысы - бұл мәселені шешуге құқықтық тұрғыдан қарау. Біз неге бұл мәселені шеше алмаймыз? Жазалау керек. Қатаң жазалау керек, басқа жол жоқ", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпкерлер отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи мемлекетте заң бірінші орында тұратынын айтты.

Реклама
Реклама

Айыппұлдар, кабинеттердегі жеке талқылаулар, "келісеміз ғой"... Бізде қоғам өте үйлесімді, талқылау қарапайым, әркім бір-бірімен әртүрлі шарттар бойынша келіссөздер жүргізе алады. Бұл рулық байланыстар, достық байланыстар және басқалар. Бұны қою керек. Біз заманауи мемлекетке айналуымыз керек. Ал заманауи мемлекет дегеніміз не? Бұл - заң", - деді Президент.

Ол бірінші кезекте осы салада тәртіп орнату мемлекеттің міндеті екенін нақтылады, бірақ ол кәсіпкерлердің көмегіне үміттенетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная