Мұрат Боранбаев ұсталғаны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Мурат Боранбаев. Фото: qamqor.gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың бауыры, кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың бауыры, кәсіпкер Мұрат Боранбаев ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz Құқықтық статистика органдарының порталынан 2022 жылы жарияланған Мұрат Боранбаевты іздеу туралы ақпарат жоғалып кеткеніне назар аударған. Агенттік басылым сауалына жауап беріп, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бауыры ұсталғанын хабарлады.

"Қаржылық мониторингі агенттігі М.С. Боранбаевты іздеу ұсталуына байланысты 2024 жылғы 24 желтоқсанда тоқтатылғанын хабарлайды", - деп жазылған мемлекеттік органның жауабында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2022 жылы кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаныхабарланды. Мұрат Боранбаев Алматыдағы ақылы тұрақтарға қатысты ақша жымқыру ісінде басты күдікті деп танылған болатын. Сол жылы A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Былтыр Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг өкілдері Мұрат Боранбаевты іздеу жұмыстары туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама