Мұрат Жөребеков бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Мұрат Жөребеков Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Жөребеков Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Премьер-министрінің қаулысымен Мұрат Өтемісұлы Жөребеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Реклама
Реклама

Әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО" компаниясында, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС-да жұмыс істеді.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР бірінші энергетика вице-министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная