04 ақпан 2022 | 20:06

Мұрат Қабденов Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Түркістан облыстық Полиция департаменті басшысы болып Мұрат Қабденов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облыстық Полиция департаменті басшысы болып Мұрат Қабденов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы қызметіне Мұрат Қабденов тағайындалды", - делінген хабарламада.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев жеке құрамға жаңа полиция бастығын Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде таныстырды.

Реклама
Реклама

Мұрат Қабденов құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының ІІД, ІІМ Әкімшілік полиция комитетін басқарды, Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды.

Кейінгі жылдары ІІМ көші-қон қызметі комитетін басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная