ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2021 | 16:03
Мұрат Мұтырғановтың анасы өмірден өтті
Танымал цирк артисі Мұрат Мұтырғановтың анасы Диана Мұтырғанова өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал цирк артисі Мұрат Мұтырғановтың анасы Диана Мұтырғанова өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мұрат Мұтырғанов Instagram-парақшасында жариялады. Ол 9 тамызда отбасында қайғылы жағдай болғанын айтып, анасы өмірден озғанын жазды. Ол қатерлі ісікке шалдыққан екен.
"Анамыз періштедей еді. Өмірді, отбасын, адамдарды, табиғатты, жануарларды жақсы көретін. Жүрегі мейірімге толы еді. Анаммен таныс болғанның бәрі бүгін оның рухы үшін дұға етіңіздерші. Анашым, сіз біздің жүрегімізде мәңгі жасайсыз. Жатқан жеріңіз жайлы болсын", - деп жазды Мұрат Мұтырғанов.
Мұрат Мұтырғановтың анасы "Мутурганчики" цирк триосының әкімшісі болған. Онда Мұрат, оның әкесі Кәрім Мұтырғанов және қарындасы өнер көрсеткен.
"Анам - ерекше адам! Оның маған деген шексіз махаббаты өмір бойы сақталады! Меніңше, артистің анасы болу оңай емес, бірақ оның қолынан келді", - деді Мұрат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также